Клиникалық конференция «ЮРА-мен науқастарды емдеуде глюкокортикостероидтардың жанама әсерлері»

Педиатрия бойынша интернатура және резидентураның №2 кафедрада 08.10.2012 ж. доцент Хитуова Л.К. жетекшілігімен 4курс 036-02 топ студенттерімен клиникалық конференция өтті. Конференция тақырыбы: «ЮРА-мен науқастарды емдеуде глюкокортикостероидтардың жанама әсерлері». Баяндамашылар: Мындыбаева С., Алдажанов Д., Каримбаева А. Конференцияда Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының кардиология бөлімшесінде емделген екі науқастың ауру тарихы талқыланды:

  1. 15ж. қыз Диагноз: Қосарланған дәнекер тінінің аурулары: ЖҚН+ЮРА, белсенділігі III дәреже, тез үдемелі ағымды, RII, БФ II.
  2. 14ж.бала Диагноз: ЮРА, жүйелі варианты (полиартрит, кардит), белсенділігі II дәреже, тез үдемелі ағымды, БФ II.

Екі баланың қосымша клиникалық диагноздары: Иценго-Кушинга синдромы. Соматикалық нанизм глюкокортикостероидтарды 10 жыл қабылдағаннан.

Конференция өткізушілер ЮРА-мен емдеуде глюкокортикостероидтардың жанама әсерлерінің алдын алуға шақырды және емдеу жолдарын анықтады.