Педиатрия факультеті

Негізі 1938 жылы қаланған. Факультеттің қызметі жоғары білікті, медициналық білім берудің жаһандық нарық жағдайындағы бәсекеге қабілетті балаларды емдеуші кадрлар даярлауға бағытталған. Факультет республикадағы жоғары педаитриялық білім берудің көшбасшысы. Бұл жоғары білікті мамандар шеберханасы болып табылады. Ғылым мен практикалық денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін профессорлық-оқытушылық құрам Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығына және бірқатар өкіметтік марапаттарға ие болған. Факультеттің білім алушылары халықаралық студенттік ғылыми олимпиадалардың үздік қатысушылары. Білім берудің педиатриялық траекториясы дайындалды, бала жасындағы науқастарды диагностикалау, емдеу, профилактикалау және реабилитациялаудың инновациялық әдістері енгізілді. 6 кафедра және жалпы медицина факультеті базасында болашақ педиатрлардың ерте кәсіби бағдарлық жұмыстары жасалады. Элективті циклдер дайындалады, эдвайзерлер қалыптасады, оқытушылар мен білім алушылар үздіксіз жетілдірудің икемді ынталандырушы механизмдері жасалады.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетімен 2011ж 02 ақпан айында бірлесіп жасасқан келісім-шартқа сәйкес, 01 қыркуйек айынан бастап академиялық ұтқырлықпен 8 студент жалпы медицина факультетінің 4 курсында оқып жатыр.