Ресей педиатрларының XXVII съезді өтті.

14-17 ақпанда Мәскеу қаласында Ресей және ТМД елдерінен 3000 астам педиатрлар, балалар хирургтері, балалар тіс дәрігерлері және педиатрлық профильдегі мейірбикелер қатысқан Ресей педиатрларының XXVII съезді өтті. Съезд төрағасы академик А.А.Баранов болды, конференция қонақтары Чехия, Польша, АҚШ, Германия және Израильдің педриатрия өкілдері болды. Съездті өткізу кезінде С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің делегациясы әртүрлі бағыттар бойынша (ревмотология, неонтология, гастроэнтерология, пульмонология және т.б.), педиатрдың 14 мектебіне медициналық білім беру бойынша сертификатталған оқыту семинарларына, дөңгелек үстелдеріне және дебаттарға қатысты.