Қазақстан Республикасының Республика күнін атап өту. Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған мерекелік кеш

22 қазан 2013 жыл.

Кешті кафедра ассистенті Утегенова Н.А. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы әңгімесімен ашты.

31 — группаның 2 — тобының студенті Нұрмахамбетұлы Нұрғали Қазақстан Республикасы туралы құнды деректерімен бөлісті. 31- группаның 1- тобының студенті Исабайқызы Нұрсила Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы бейнелеп берді. 31- группаның 2-тобының студенті Алдабергенова Нұрсәуле Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы айтып өтті. 31 — группаның 1 — тобының студенті Туғанбаева Қаламқас Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраның шығу тарихын айтып берді. 31 -группаның 1 -тобының студенті Джаппарова Арайлым және 31 -группаның 2- тобының студенті Нұрмахамбетұлы Нұрғали Жұбан Молдағалиевтің «Қазақстан» атты өлеңін оқыды. 31- группаның 2- тобының студенті Ауезханова Назкен өз шығармашылығынан «Бүгінгі кеш біздікі…» атты өлеңін осы кеше арнады. Ол осы өлеңінде Қазақстанның тарихына шолу жасай отырып, егемендігімізге қалай жеткендігімізді көрсетті. Қазақ халқының қонақжайлылығы мен салт-дәстүрлері жайлы да шумақтары бар. Ғажайып табиғатымызды да суреттеген. Осының бәрін өтіп жатқан кешпен әдемі үйлестіре келе, абзал жандар – дәрігерлер, соның ішінде бала дәрігерлері туралы шумақтармен аяқтады.

Оқытушылар арасынан сөз алған доцент Оналбаева Г.Ж. кештің өте жақсы өткендігін айта отырып, Қазақстан Республикасы егеменді бәсекеге қабілетті екендігін және осы жолда дұрыс саяси стратегияны ұстанып, жарқын болашаққа жол ашуда деп қорытынды жасады.

 

Бүгінгі кеш біздікі…

Жандың да сөндің, көрдің де көндің қазағым,

Тартқанда сенсің бұл өмірдің азабын.

Сырға тұнып жазылмаған өлеңді,

Тәуелсіз елде еркіндікпен жазамын.

 

Абайлар қайда қазағым деп зарлаған,

Жүректен жырлар төктірген ғой зар заман.

Тартып әкетіп жиғанменен тергенін,

Қандай заман тарылтқан заман тар заман.

 

Мұны да көрдің ашаршылық шөл көрдің,

Бір үзім нан жеп қанағат деп сен көндің.

Қыраның шалқып көк байрақтың астында,

Бүгінгі күні өзге жұртпен тең болдың.

 

Айбынды жаны жайсаң бар қазағым,

Төгілтіп туған елде жыр жазамын.

Ынтымақ,бірліктерің тату болғай,

Ешқашан тарылмасын кең базарың.

 

Қазақпыз деп азатпыз деп мақтанам,

Ата баба салт дәстүрін сақтаған.

Жастырының жарқын болашағындай,

Күннен күнге көркеюде Aстанам.

 

Құшағын ашқан орысқа да, татарға,

Көршісі соқыр көзін қыспай жатар ма?

Оралман болсын, оралған болсын бұл елге,

Өзіне тартып қосады жылдам қатарға.

 

Осы елде туылдым менде қазақпын,

Куәсі болдың талай мәрте азаптың.

Кішкене мына жұдырықтай жүрекпен,

Әлемге атын шығарсам деймін қазақтың.

 

Шүкір дейміз тәуелсіздік алғанда,

Жас ұрпақтың қанаттары талмаңдар.

Қаншама жыл ағалар мен әпкелер,

Жеттік біздер жете алмаған арманға!

 

Қырандары шалқыған ғажап аспан,

Таулары бұлттарменен амандасқан.

Балалары бір- біріне сыйлас болған,

Бұл біздің Тәуелсіз ел Қазақстан!

 

Қоғам үшін өз үлесін қосатын,

Сырқат көрсе ауруын тез басатын.

Бар халықтың қалауына айналған,

Ақ халатты абзал жандар жасасын!

 

Дәрігерлер ақ періште аяулы,

Болашағы медицина баянды.

Сары оюлы, қыраны күн астында,

Тек биікте желбіресін жалауы!

 

Жаңа келген группаластар жасымай,

Отырыңдар бір үй бала досындай.

Кафедра педиатрия біздердің,

Басымызды қоса берсін осылай.

 

Барыңды сал араңызда кім мықты?

Бұл мереке керемет қой күздікі.

Жүрегіміз тек қазақ деп соғатын.

Бүгінгі кеш,бүгінгі кеш біздікі…

 

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазақҰлттық Медицина Университетінің 4курс студенті Ауезханова Назкен 431-2 топ

Тел:8 778 610 17 93

Email: [email protected]

2 3 1