№1 Бала аурулары кафедрасы

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраны медицина ғылымдарының докторы, доцент Орынбасарова Камила Қалаубайқызы басқарады. Орынбасарова К.Қ. – ҚазҰМУ Этикалық кеңесінің , Білім беру бағдарламалары комитеті, Педиатрия бойынша ғылыми – жоспарлы бақылау коммисиясының мүшесі болып табылады, 76 баспа жұмысының, 3 оқыту – әдістемелік ұсыныстардың авторы және кардиология бойынша оқу құралының, қазақ тіліндегі балалар пропедевтикасы бойынша оқулықтың, экологиялық педиатрия туралы монографияның, Қоршаған ортаның ластануы кезіндегі балалардағы клиникалық-морфологиялық синдромдар мен аурулары Атласының серіктес авторы болды.

2011-2012 оқу жылында кафедрада 19 қызметкерден тұратын профессорлық – оқытушылық және көмекші құрам қызмет атқаруда , соның ішінде 1 медицина ғылымдарының докторы, 6 доцент — Исмаилова Д.Б., Испулаева С.Х., Наумова Н.В., Шәкім Г.А., Ксетаева Г.К., Аппасова М.И; 2 ассистент, медицина ғылымдарының кандидаты — Чой С.В., Сагатбаева Н.А; ассистенттер — Есжанова Э.Д., Мусабекова Р.К., Досметов А.Е., Оналбаева Б.Ж., Сагимова Р.Ш., Умбетова Л.Ж., Есимова Н.К.

Кафедраның клиникалық базалары — 1 ҚКБА, 2 ҚКБА, «Ақсай» РКБА. Кафедра қызметкерлері сондай-ақ №7 және №8 қалалық балалар емханасына тәжірибелік және ғылыми – әдістемелік көмек көрсетеді және апта сайын науқастар консультациясын және ай сайын тақырыптық семинарлар ұйымдастырады.

Кафедра тарихы.

1992 жылы педиатрия факультеті түлектеріне дипломнан кейінгі арнайы жоғары мамандандырылған білім беру қажеттілігінен ҚазММУ ректорының бұйрығымен педиатрлар үшін интернатура кафедрасы ұйымдастырылып, кейін бала аурулары кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраны құрылғаннан бастап 2008 жылдан дейін медицина ғылымдарының докторы, профессор Зайра Хамитқызы Мажитова басқарды.

З.Х. Мажитова – бірінші кафедра меңгерушісі, 5 жыл бойына ғылыми жұмыс бойынша проректор, сосын ҚазҰМУ ғылыми жұмыс жөніндегі ректордың Кеңесшісі болып қызмет атқарған. Зайра Хамитқызы Қазақстанның ғылыми және педагогикалық жұртшылығының ортасында орасан зор беделге ие болды, сонымен қатар медициналық білім берудің Интернационалды Академияның мүшесі (Гамбург), педиатрлардың Халықаралық қоғамының, Түрік тілдес елдер педиатрлар қоғамының, Азия және Тынық мұхиты гастроэнтерологтар Қауымдастығының, Еуропалық респираторлық қоғамының, сонымен қатар «Қазақстанның педиатриясы және балалар хирургиясы» жұрналы редколлегиясының мүшесі. Профессор З.Х.Мажитова – 300 астам ғылыми мақалалар мен тезистердің, 26 өнертабысқа предпатенттердің, 3 оқу құралының, 2 монографияның, «Қоршаған ортаның ластануы кезіндегі балалардағы клиникалық-морфологиялық синдромдар мен аурулар Атласының» авторы. Зайра Хамитқызының жетекшілігімен 5 докторлық және 26 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Оның шәкірттері Қазақстанның, Ресейдің, Люксембургтың, Германияның медициналық мекемелерінде еңбек етуде.

Жоғары білім беруді реформалау үрдісінде кафедраға 1996 жылы балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасы ( м.ғ.д., профессор В.А. Лебедевамен құрылған) , ал 2002 жылы – медбике ісі курсы қосылды. Кафедраның педагогикалық жұмысының ерекшеліктері, студенттерді университетке түскеннен бастап интегрирленген, сонымен қатар интернатура мен ординатурада дипломнан кейін оқыту болып табылады. 2008 жылдан бастап, 4 және 6 курс студенттеріне, резиденттерге «Балалар аурулары» пәнінен сабақ беріледі. 2008 жылдан бастап, кафедрада педиатрияның әртүрлі саласынан – нефрология, кардиология, аллергология, неонатология, пульмонология, эндокринология, гематология жетекші мамандарын шақырумен «Жас педиатрлар мектебі» аясындағы студенттік конференциялар ай сайын өткізіледі.

В.А.Лебедева, медицина ғылымдарының докторы, профессор – 1952 жылы құрылған балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасына 20 жыл бойына басшылық етті (1968-1989 ж.ж.). Валентина Андреевна ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстандағы балалар аллергологиясының негізін қалаушы. Оның жетекшілігімен 20 кандидаттық диссертация қорғалды. 1989 — 1996 жылдар арасында балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасына м.ғ.д., профессор Т.М.Имамбаева жетекшілік етті, қазіргі таңда педиатрия факультетінің деканы болып қызмет атқарады.

2008 жылдан 2011 жылға дейін кафедраның меңгерушісі ретінде, профессор З.Х.Мажитованың шәкірті, медицина ғылымдарының докторы Сарсенбаева Сауле Серғазықызы басшылық етті , қазіргі кезде БСЗБжМБҒН Орталығының директоры. С.С. Сарсенбаева 80 мақалалар мен тезистердің, 3 оқу-әдістемелік нұсқаулықтардың авторы, сонымен қатар кардиология және нефрологиядан 2 оқу құралының, экологиялық педиатрияның 2 монографияның, «Қоршаған ортаның ластануы кезіндегі балалардағы клинико-морфологиялық синдромдар мен аурулар Атласының» серіктес авторы.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраның меңгерушісі академик Исаева Л.А.-ның (И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу медициналық Университеті) және профессор З.Х. Мажитованың шәкірті – медицина ғылымдарының докторы, доцент Орынбасарова Камила Қалаубайқызы. Ол ҚазҰМУ Этикалық кеңесінің, Білім беру бағдарламалары комитеті, Педиатрия бойынша ғылыми – жоспарлы бақылау коммисиясының мүшесі болып табылады. Орынбасарова К.Қ. — 76 баспа жұмысының, 3 оқыту – әдістемелік ұсыныстардың авторы және кардиология бойынша оқу құралының , қазақ тіліндегі балалар пропедевтикасы бойынша оқулықтың, экологиялық педиатрия туралы монографияның, Қоршаған ортаның ластануы кезіндегі балалардағы клиникалық-морфологиялық синдромдар мен аурулары Атласының серіктес авторы болды.

Кафедраның клиникалық базаларында — 1 ҚКБА, 2 ҚКБА, «Ақсай» РКБА және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінде, №7 және №8 қалалық балалар емханасына кафедра қызметкерлері үлкен тәжірибелік және ғылыми – әдістемелік көмек көрсетеді.

2008 жылдан бастап, педиатрия бойынша резиденттерді дайындау жүргізілуде, онда тек қана кәсіби мамандығына ғана емес, сонымен қатар коммуникативті және шешендік шеберлікке оқытылады

№1 Бала аурулары кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен студенттер мен резиденттер Алматы қаласының жоғары оқу орындарында – ІІМ Академиясында, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде, Қазақ қыздар педагогикалық университетінде, Алматы қаласы және Алматы облысы мектептерінде оқитын жастар үшін маңызды тақырыптар бойынша: «Жастарда АИВ-инфекциясының профилактикасы», «Туберкулез», «Жасөспірімдер мен жастарға шылым шегудің жағымсыз әсері», «Тастанды балалар – қоғам мәселесі» және т.б. бірнеше рет тақырыптық семинарлар өткізді

Кафедраның соңғы 5 жылдықтағы жетістіктері:

-ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу: «Экологиялық педиатрияның өзекті мәселелері: өткені, бүгін, болашағы» (Алматы қ., 23-24 мамыр 2008 ж.), «Балалар мен жасөспірімдердегі тыныс алу ағзалары ауруларының диагностикасы мен емінің жаңа технологиясы» (Алматы қ., 22-23 наурыз 2009 ж.), «Жүрек-қан тамырлардың ауруы бар балалар мен жасөспірімдерге жоғары мамандандырылған көмек мәселелері» (Алматы қ., 3-4 желтоқсан 2009 ж.);

— «Балалар мен жасөспірімдердегі тыныс алу ағзалары ауруларының диагностикасы мен емінің жаңа технологиясы» (Алматы қ., 22-23 наурыз 2009 ж.), «Жүрек-қан тамырлардың ауруы бар балалар мен жасөспірімдерге жоғары мамандандырылған көмек мәселелері» (Алматы қ., 3-4 желтоқсан 2009 ж.) конференциялардың материалдары бойынша ғылыми еңбектердің 2 жинағы баспадан шықты;

— «Экологиялық педиатрияның өзекті мәселелері: өткені, бүгін, болашағы» (Алматы қ., 23-24 мамыр 2008 ж.) конференцияның материалдарымен ҚазҰМУ Хабаршысының Арнайы басылымы баспадан шықты;

— 2009 жылы ҚазҰМУ Тәрбие жұмысы басқармасымен бірлесе отырып ЖОО-аралық «Балаларды қорғау күні» және « Жанұя күні» тақырыптарына студенттік конференциялар өткізілді.

— студенттер мен дәрігерлерге арналған доцент Г.Ә.Шәкімнің және З.Г. Давлетгильдееваның редакциясымен авторлық ұжымның 2 қазақ тілінде «Педиатриядағы сырқатнама», «Балалардағы жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылысы» оқу құралы баспадан шықты.

№1 Бала аурулары кафедрасы ғылыми — практикалық жұмысының айқын оқиғасы ретінде З.Х.Мажитованың редакциясымен Халықаралық Ғылыми — техникалық орталықтың (ХҒТО) гранты бойынша «Қазақстанның экологиясы қолайсыз аймақтарда тұратын балалар ағзасына химиялық және радиациялық жүктемені анықтау» (2003-2005 ж.ж.) Ғылыми — техникалық бағдарламаны орындау болып отыр, оның нәтижесі ретінде «Балалардағы экологиялық тәуелді аурулар» монографиясы және «Қоршаған ортаның ластануы кезіндегі балалардағы клиникалық — морфологиялық синдромдар мен аурулар Атласы» (орыс тілінде) жарыққа шықты.

Жапония, Швеция, Германия, Италия, Люксембург және Ресейдің әртүрлі саладағы медициналық мамандардың қолдауымен және ынтымақтастықтың арқасында жұмыс жасау кезеңінде 16 ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар орындалды. Кафедрада Қазақстанның медицинасындағы жаңа бағыты – экологиялық педиатрия құрылды, ол көптеген бағыттардың – генетика, пульмонология, гематология, гастроэнтерология, эндокринология, дерматология, нефрология және т.б. дамуында негізі болып табылады. Кафедраның қызметкерлері педиатрияның өзекті мәселелері бойынша әртүрлі халықаралық форумдарға, ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады.

2011 жылдың 11-13 мамыр күндері №1 бала аурулары кафедрасының ұжымымен (ұйымдастыру комитеті проф. Сарсенбаева С.С., доц. Рамазанова Ш.Х.) және ҚР ДСМ педиатрия және балалар хирургиясы ҒО (проф. Аязбеков Е.А.) бірігіп, «Ару-Ана» (Даукеева Ж.) қайырымдылық ұйымын қолдау бойынша Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласында «Балалардағы сирек (орфанды) кездесетін аурулар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.Конференцияның бағдарламасында тұқым қуалайтын патологияның диагностикасы, емі және алдын алу бойынша сұрақтарды шешу аясында әлемнің жетекші мамандары қатысты. Балалардағы бұзылған зат алмасу аурулары. Халықта бұндай аурулар жетім (орфанды) аурулар деп аталады. Оларға Гоше, Ниман-Пик, Помпе, муковисцидоз, мукополисахаридоз жатады. Күмәнсіз бұндай аурулар Қазақстанда сирек тіркеледі –20-80 000 балаға 1 баладан, олардың диагностикасы молекулярлы-генетикалық әдістерге негізделеді. Дегенмен, ерте диагностикалаудың маңыздылығы арнайы орын басушы еммен негізделеді, ол аурудың ауыр асқынуларын болдырмауға және бала өмірінің сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді. Ресей, Польша, АҚШ елдерінен – профессор Капранов Н.И., Каширская Н.Ю., Симонова О.И., Финогенова Н.А., Анна Тулки-Шиманская, Эдвин Симонс, Семячкина А.Н. сияқты мамандар келді.Олар өздерінің кәсіби білімдерімен және сирек кездесетін тұқымқуалайтын аурулары бар науқастарды жүргізген тәжірибелерімен және тактикаларымен бөлісті.

Кафедра жаңалықтары

Кафедрада студенттермен және резиденттермен белсенді тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Педиатрия факультетінің ардагер — ұстаздарын марапаттау, «Наурыз» мейрамын атап өту, « Дәрігер мен медбикелердің қызметіндегі этика және деонтология» және «Азаматтық қорғаныс»тақырыптарында конференция, Республика күніне орай « Халықтар достығы» фестивалі сияқты шаралар ұйымдастырылды.

2011 жылдың 28 қазанда №2 ҚКБА-да кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Орынбасарова К.Қ. басшылығымен кафедра қызметкерлерінің ұйымдастыруымен патолого — анатомиялық конференция өтті. Конференцияға серіктес төрайым ретінде ҚазҰМУ патологиялық анатомия кафедрасының профессоры Сапаргалиева А.Д. шақырылды. Кафедра доценті Исмаилова Д.Б. рецензент ретінде қатысты.. Аурухана басшылығы және қатысушылар конференцияның жоғары кәсіби деңгейін және тәжірибелік құндылығын атап өтті. Сондай – ақ педиатрия факультеті 6 курс студенттерінің қатысуымен кафедрада оқу, рольдік патолого-анатомиялық конференция ұйымдастырылды.

2011-12 оқу жылы С.Ж. Асфендияровтың туған күніне орай «Ұлағатты тарихи тұлға» тақырыбына студенттік конференция өткізілді, Алматы қаласының №8 балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетіліп, 6 курс студенттерінің қатысуымен салауатты өмір салты және жеке бас гигиенасы туралы баяндамалар оқылды. 6 курс студенттері белгілі мультфильмдер үзінділерінен салауатты өмір салты сұрақтары туралы жинақ құрастырды.

Университеттік шаралар барысында «Денсаулыққа 20 қадам» тақырыбында студенттік конференция ұйымдастырылып, педиатрияның өзекті сұрақтары сканворд, сұрақ – жауап ретінде талқыланды.

16 желтоқсанға орай «ҚР Тәуелсіздік күніне» арналған студенттік конференция өткізілді, желтоқсан оқиғасы туралы фильм көрсетіліп, студенттердің және профессорлық – оқытушылық құрам қатысуымен талқыланды.

Құрбан – айт мейрамының алдында студенттерімен бірлесе отырып ҚР Дін туралы заңын талқылап, дөңгелек үстел өткізілді.

Студенттік ғылыми үйірме отырыстары өткізіліп, үйірмешілерді кафедра тарихымен таныстыратын фильм көрсетілді. Жаңа оқу жылында қорғалатын студенттік ғылыми жұмыстар тақырыптары анықталды.

Болондық үрдіс қағидаларына сәйкес кафедра оқу бағдарламасына және курациядағы бөлімшелер бағыты аясында профессорлар визинтингін өткізді: балалар ревматологиясы бойынша И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу медициналық Университетінің бала аурулары кафедрасы профессоры Голованова Н.Ю. қатысуымен және балалар гастроэнтерологиясы бойынша Новосибирск Мемлекеттік университетінің профессоры, Сібір Ғылым Академиясының «Алтын медаль» иегері Денисов М.Ю. қатысуымен мастер – класстар ұйымдастырылды.