Неонатология кафедрасы

2010 жылдан бастап университетте реоорганизация іс-шараларына байланысты кафедра жаңа статусқа ие болды- «Неонатология» кафедрасы ретінде жеке бөлініп шықты , оның меңгерушісі  болып м.ғ.д., профессор Тастанбеков Б.Д тағайындалды.

Батыр Жунусович кафедраның клиникалық базаларында құрсақішілік инфекциялар және перинаталды патология тақырыптарындағы ғылыми-зеріттеу жұмыстарымен басқарады.

Тастанбековым Б.Д. –ң 100 аса жұмыстары басылымға шықты, оның ішінде 1 монография, оқу әдістемелік құралдары, әдістемелік ұсыныстар .ТМдД елдерінде қолданылатын бас ми және жұлын зақымдалуларының жіктемесінің авторларының бірі болған. Ол   10 кандидат , 1 ғылым докторын дайындаған, қазіргі таңда оның қол астында 3 кондидаттық және 2 докторлық диссертациялар жазылуда. Дәрігер-интерндер мен резиденттердің дайындығын жүргізуде.

Неонатология пәнін оқудағы мақсаттар мен міндеттер

Неонатология — (лат. neonatus — нәресте) –  нәрестелердің физиология ерекшеліктері мен дерттеріне негізделген педиатрияның бір бөлігі .

Неонатологияны өз алдына педиатрияның жеке бөлімі ретінде ХХ  ғасырдың 60-шы жылдары  бөліп шығарды.

Неонатологияның негізгі бағыттары:

  • Ұрық пен нәрестеге әсер ететін зиянды факторларды зеріттеу;
  • Құрсақтан тыс өмірге бейімделуде нәрестенің функционалды және метаболикалық бейімделуін зеріттеу;
  • Иммунитетінің құрылуын зеріттеу;
  • Нәресте дерттерін анықтау және арнайы  емдеу әдісткрін табу.

Кафедра стратегиясы

  • Мемлекетіміздің перзетханаларына, перинаталды орталықтарына, реанимация және шұғыл ем,нәрестелер патология бөлімшелеріне білікті мамандар дайындап шығару.
  • ҚР аймақтарында және Алматы қ. Неонаталды көмекті жетілдіруге қатысу

Кафедраның ғылыми жұмысының бағыттары:

  • Өте аз салмақты және экстремалды аз салмақты нәрестелер күтіміндегі жоғары технологиялар
  • Нәрестелердің өтпелі жағдайлары
  • Нәресте өмірінің алғашқы сағаттары
  • Науқас және дені сау ШТН және МТН тамақтандыру
  • Катамнез – ШТН және МТН өмір сапасын  зеріттеу
  • Нәрестелердің  респираторлы емі

Оқыту технологиялары

  • Нәрестелерге шұғыл көмекті көрсету манекендермен жұмыс жасау арқылы  үйрету
  • Интерактивті  семинарлар
  • Оқу үрдісіне арналған видиороликтер мен фильмдерді қолдану
  • Материалдар мен клиникалық жағдайларды жинау арқылы тақырыптарды түсіну
  • Оқыту технологияларының негіздері – дәлелді медицина принциптерінде жүргізіледі

Неонатология мамандығы бойынша резидентура

Оқу мерзімі: 2 жыл

Оқу шарттары:  резидентураға  анестезиология, реаниматология, педиатрия немесе неонатология мамандықтарын бітірген дәрігер интерндар немесе ЖОО  жоғары баллмен бітірген студенттерге  түсуге болады .

Толық  мәліметтерді университетіміздің сайтынан ала алсыздар.

Оқу үрдісіне кіреді:

  • Пәнді тереңірек оқу.
  • Алматы қаласының клиникалық базаларында жұмыс жасау
  • Конференциялар мен конгресстерде қатысушы немесе баяндаушы ретінде қатысу.
  • Жеке ғылыми жұмыспен айналысып, жинаған материалдарды басылымға шығару

Резиденттердің кураторы – неонатология кафедрасының  доценты, м.ғ.д. Божбанбаева Нишанкуль Сейтбековна, тел: +7 777 182 08 65, e-mail:nishan71.1@mail.ru

Емханалық педиатрия кафедрасы

Участкелік педиатр дәрігерлерді дайындайтын кафедра 1987 жылы құрылған емханалық педиатрия кафедрасы болып табылады. Оның бірінші меңгерушісі профессор, хирург-травматолог Т.Ж.Сұлтанбаев болды.

1989 жылдан бастап бүгінге дейін кафедраны м.ғ.д., профессор Е.Т.Дадамбаев басқарады. 2000 жылдан бастап кафедра курс болып, госпитальды педиатрия кафедрасының құрамына кірді. Емханалық педиатрия курсының меңгерушісі профессор Е.Т.Дадамбаев Семей медицина институтының педиатрия факультетін бітірген. 1991-1993 жылдары емханалық педиатрия кафедрасын басқарумен қатар Қазақстан Республикасы  денсаулық сақтау Министрлігінің бас педиатры болып қызмет істеді. 1993 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ амбулаторлық-емханалық қызметінің штаттан тыс бас маман-педиатры, балалар ауруларын интеграциялық жүргізу жөніндегі ДДҰ бағдарламасының коррдинаторы болып табылады (2000-2001-2003 ж. ДДҰ сертификаттарының иегері). Қазақстан Республикасының жаратылыстану ғылымдары Академиясының мүшесі (академик).

300-ден аса жұмыстардың авторы, оның ішінде оқулықтардың, оқу құралдары мен монографиялардың да: «Дені сау және науқас балаларды күту» (1991), «Неонатология» (1992), «Нәрестелердің пневмониясы: диагностикасы, емі және профилактикасының клинико-иммунологиялық аспектілері» (1992), «Балалар ауруларының пропедевтикасы» (1995), «Нәресте туралы ілім» (1995), «Структура и организация работы детской поликлиники» (1997), «Емханалық педиатрия» (1998), «Бала дәрігерінің серігі» (1998), «Оптимизация антибиотикотерапии в педиатрии» (1999), «Аномалии конституции у детей» (2001), «Неотложные состояния в педиатрии» (2004), «Стандарты лабораторно-диагностических исследований и лечения болезней детского возраста в дневном стационаре» (2005) және

басқалар. Оның тікелей қатысуымен «Балалар аурулары», «Емханалық педиатрия» және «Педиатрия бойынша интернатура» циклдері бойынша жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары құрастырылды. Ол «Денсаулық», «ҚР педиатрия және балалар хирургиясы» журналдарының редколлегия мүшесі болып табылады. Сонымен қатар 12 рационализаторлық ұсыныстар, 4 жаңалық енгізіп, 16 әдістемелік ұсыныстар дайындады.

Емханалық педиатрия кафедрасы (курсы) негізінен болашақ участкелік педиатрлардың клиникалық дайындығымен айналысады. Кафедрада әр уақытта тәжірибелі педагогтар мен профессорлар қызмет істеді және қазіргі кезде де істейді: Испаева Ж.Б., Рахимова К.В., доценттер Вуйко Г.А., Елебекова Д.Ж., Ибраева К.Е., Құлмаханов Т.К., Байгенжина Ф.А., Ахматова Г.А., Мурзағалиев Ш.А., Сарбасова Ж.О., ассистенттер Кабдуғалиева Г.К., Измайлова А.А., Шкуренкова Л.П., Нұрқасымова А.Т., Измайлова С.Х., Нұрбекова А.А., Смағұлова А.Б., Зулхажы А., Ахашева Ш.С..

Кафедрада алғаш рет жалпы практиканың  клиникалық ординатор-дәрігерлері дайындалып, қазіргі кезде Республиканың әртүрлі аймақтарында қызмет істейді.

Қазіргі кезде емханалық педиатрия курсы жанында Алматы қаласы мен облысының емханалық педиатрлары үшін «Участкелік педиатр мектебі» жұмыс істейді (жауапты жетекшісі Рахимова К.В.).

Кафедра қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстанның жоғарғы медициналық оқу орындарының педиатрия факультеті үшін балалар аурулары, емханалық педиатрия және интернатура бойынша типтік оқу бағдарламалары құрастырылды.

2009 жылдан бастап бала емдеу кафедраларының арасында алғаш рет элективте тәртіп пәні бойынша жалпы медицина студенттеріне арналып өтті. Қызметкерлердін бірі факультетінің эдвайзері.

Қазақстан Республикасында кафедра алғаш рет педиатрлар үшін оқулықтар мен оқу құралдарын қазақ тілінде шығарды: : «Дені сау және науқас балаларды күту» 1991, «Неонатология» 1992,  «Емханалық педиатрия» 1998,  «Бала дәрігерінің серігі» 1998, «Неотложные состояния в педиатрии» 2004 (қазақ және ағылшын тілінде), «Реабилитация и диспансеризация часто болеющих детей и детей с патологией органов дыхания» 2005 (орыс және қазақ тілінде).

Сонымен қатар алғаш рет (1991 жылдан) Қазақстанда кафедра қызметкерлері мемлекеттік тілді практикалық денсаулық сақтау үшін ақпараттық парақтар мен әдістемелік ұсыныстар шығара бастады. Кафедра қызметкерлері 600-ден аса ғылыми-қолданбалы сипаттағы мақала басып шығарды. Жаңалық енгізуге 5 патент және рационализаторлық ұсыныстарға 16 куәлік алынды.

«Жағымсыз экологиялық аймақтарда тұратын ауру және қауіп қатер тобындағы балалалардың клиникалық-иммунологиялық реабилитация ерекшеліктері» кафедраның ғылыми бағыты болып табылады. Осы жылдар ішінде кафедра қызметкерлері 15 оқу құралдарын, 5 оқулық, 3 монография, 4 анықтамалық, «Балалар ауруларының емі мен профилактикасы, диагностикасының протоколдары және медициналық терминдердің қазақша-орысша сөздігі» (2003), «Балалар ауруларын емдеу және лабораториялық-диагностикалық тексеру стандарттары» (2005) шығарды. Кафедрада 1 докторлық және 14 кандидаттық диссертация қорғалды.

Поисковые слова::

Балалар хирургиясы кафедрасы

1957 жылы қалалық аурухананың клиникалық базасында Алматы мемлекеттік медицина институтының балалар хирургиясы кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі болып медицина ғылымының кандидаты, доцент Черкасова Евдокия Давыдовна тағайындалды. 1968-2011 жылдар арасында кафедра меңгерушісі қызметін ҰҒА академигі, ҚР ғылымға еңбегі сіңген қайраткер  К.С.Ормантаев атқарып келді (қазір кафедраның құрметті меңгерішісі).

Кафедраның 3 клиникалық базасы бар (№1 ҚКБА, БХ мен ПҒО, «Ақсай» АБА). 2011 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін балалар хирургиясы кафедрасының профессоры, медицина ғылымының кандидаты Қ.Т. Тұрсынов атқарып келеді. Кафедра қызметкерлерімен 1000 ғылыми жұмыс, оның 9 тарауы балалар хирургиясынан одақтық басшылықта және 13 монография жарық көрді. Балалардың хирургиялық ауруларының диагностикасы мен емінің негізгі сұрақтары бойынша 20 әдістемелік нұсқау басылып шықты. Кафедра студенттерінің ғылыми үйірмесі жыл сайын Бүкілодақтық, Бүкілресейлік  студенттердің ғылыми үйірмесіне қатысып отырады. Жыл сайын алғашқы орындарға ие болады. Академик Ормантаев К.С. басшылығымен көп жылдан бері балалар хирургтарының  қоғамы жұмыс жасап келеді. Бұл қоғам балалар хирургиясы бойынша Республикалық ғылыми-практикалық конференцияларды, «мастер — кластарды» ұйымдастыруға қатысады. Кафедра балалар хирургиясы мен педиатрия бойынша Орталық және Оңтүстік Азия, Америка, Европаның басқа елдерінің өткізген халықаралық ғылыми конференцияларына белсенді түрде қатысады және байланысып тұрады.

№1 Бала аурулары кафедрасы

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраны   медицина ғылымдарының докторы,  доцент Орынбасарова Камила Қалаубайқызы басқарады.  Орынбасарова К.Қ. –  ҚазҰМУ Этикалық кеңесінің ,  Білім беру бағдарламалары комитеті, Педиатрия бойынша   ғылыми – жоспарлы бақылау коммисиясының мүшесі болып табылады,  76 баспа жұмысының, 3 оқыту – әдістемелік ұсыныстардың авторы және кардиология  бойынша оқу құралының,  қазақ тіліндегі балалар пропедевтикасы бойынша  оқулықтың, экологиялық педиатрия  туралы монографияның, Қоршаған ортаның ластануы кезіндегі балалардағы клиникалық-морфологиялық синдромдар мен аурулары Атласының серіктес авторы болды.

2011-2012 оқу жылында кафедрада 19 қызметкерден тұратын профессорлық – оқытушылық және көмекші құрам қызмет атқаруда , соның ішінде 1 медицина ғылымдарының докторы, 6 доцент —  Исмаилова Д.Б., Испулаева С.Х., Наумова Н.В., Шәкім Г.А., Ксетаева Г.К., Аппасова М.И; 2 ассистент, медицина ғылымдарының кандидаты —   Чой С.В., Сагатбаева Н.А; ассистенттер —  Есжанова Э.Д., Мусабекова Р.К., Досметов А.Е., Оналбаева Б.Ж., Сагимова Р.Ш., Умбетова Л.Ж., Есимова Н.К.

Кафедраның клиникалық базалары — 1 ҚКБА, 2 ҚКБА, «Ақсай» РКБА. Кафедра қызметкерлері сондай-ақ №7 және  №8 қалалық балалар емханасына тәжірибелік және ғылыми – әдістемелік көмек көрсетеді және апта сайын науқастар консультациясын және ай сайын  тақырыптық семинарлар ұйымдастырады.

Кафедра тарихы.

1992 жылы педиатрия факультеті түлектеріне  дипломнан кейінгі арнайы жоғары мамандандырылған білім беру қажеттілігінен ҚазММУ ректорының бұйрығымен педиатрлар үшін интернатура кафедрасы ұйымдастырылып, кейін бала аурулары кафедрасы  болып қайта құрылды. Кафедраны құрылғаннан бастап 2008 жылдан дейін медицина ғылымдарының докторы, профессор Зайра Хамитқызы Мажитова басқарды.

З.Х. Мажитова – бірінші кафедра меңгерушісі, 5 жыл бойына ғылыми жұмыс бойынша проректор, сосын ҚазҰМУ ғылыми жұмыс жөніндегі ректордың Кеңесшісі болып қызмет атқарған. Зайра Хамитқызы Қазақстанның ғылыми және педагогикалық жұртшылығының ортасында орасан зор беделге ие болды, сонымен қатар медициналық білім берудің Интернационалды Академияның мүшесі (Гамбург), педиатрлардың Халықаралық қоғамының, Түрік тілдес елдер педиатрлар қоғамының, Азия және Тынық мұхиты гастроэнтерологтар Қауымдастығының, Еуропалық респираторлық қоғамының, сонымен қатар «Қазақстанның педиатриясы және балалар хирургиясы» жұрналы редколлегиясының мүшесі. Профессор З.Х.Мажитова – 300 астам ғылыми мақалалар мен тезистердің, 26 өнертабысқа предпатенттердің, 3 оқу құралының, 2 монографияның, «Қоршаған ортаның ластануы кезіндегі балалардағы клиникалық-морфологиялық синдромдар мен аурулар Атласының» авторы. Зайра Хамитқызының жетекшілігімен 5 докторлық және 26 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Оның шәкірттері Қазақстанның, Ресейдің, Люксембургтың, Германияның медициналық мекемелерінде еңбек етуде.

Жоғары білім беруді реформалау үрдісінде кафедраға  1996 жылы балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасы ( м.ғ.д., профессор В.А. Лебедевамен құрылған) , ал 2002 жылы – медбике ісі курсы қосылды. Кафедраның педагогикалық жұмысының ерекшеліктері, студенттерді университетке түскеннен бастап интегрирленген, сонымен қатар интернатура мен ординатурада дипломнан кейін оқыту болып табылады. 2008 жылдан бастап, 4 және 6 курс студенттеріне, резиденттерге «Балалар аурулары» пәнінен сабақ беріледі. 2008 жылдан бастап, кафедрада педиатрияның әртүрлі саласынан – нефрология, кардиология, аллергология, неонатология, пульмонология, эндокринология, гематология жетекші мамандарын шақырумен «Жас педиатрлар мектебі» аясындағы студенттік конференциялар ай сайын өткізіледі.

В.А.Лебедева, медицина ғылымдарының докторы, профессор – 1952 жылы құрылған балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасына 20 жыл бойына басшылық етті (1968-1989 ж.ж.). Валентина Андреевна ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстандағы балалар аллергологиясының негізін қалаушы. Оның жетекшілігімен 20 кандидаттық диссертация қорғалды. 1989 — 1996 жылдар арасында балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасына м.ғ.д., профессор Т.М.Имамбаева жетекшілік етті, қазіргі таңда педиатрия факультетінің деканы болып қызмет атқарады.

2008 жылдан  2011 жылға дейін  кафедраның меңгерушісі ретінде, профессор З.Х.Мажитованың шәкірті, медицина ғылымдарының докторы Сарсенбаева Сауле Серғазықызы басшылық етті , қазіргі кезде БСЗБжМБҒН  Орталығының  директоры.  С.С. Сарсенбаева 80 мақалалар мен тезистердің, 3 оқу-әдістемелік нұсқаулықтардың авторы, сонымен қатар кардиология және нефрологиядан 2 оқу құралының, экологиялық педиатрияның 2 монографияның, «Қоршаған ортаның ластануы кезіндегі балалардағы клинико-морфологиялық синдромдар мен аурулар Атласының» серіктес авторы.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраның меңгерушісі    академик Исаева Л.А.-ның (И.М. Сеченов атындағы  Бірінші Мәскеу медициналық  Университеті) және профессор З.Х. Мажитованың  шәкірті – медицина ғылымдарының докторы, доцент Орынбасарова Камила Қалаубайқызы. Ол ҚазҰМУ Этикалық кеңесінің,  Білім беру бағдарламалары комитеті, Педиатрия бойынша   ғылыми – жоспарлы бақылау коммисиясының мүшесі болып табылады.   Орынбасарова К.Қ. —  76 баспа жұмысының, 3 оқыту – әдістемелік ұсыныстардың авторы және кардиология  бойынша оқу құралының ,  қазақ тіліндегі балалар пропедевтикасы бойынша  оқулықтың, экологиялық педиатрия  туралы монографияның, Қоршаған ортаның ластануы кезіндегі балалардағы клиникалық-морфологиялық синдромдар мен аурулары Атласының серіктес авторы болды.

Кафедраның клиникалық базаларында — 1 ҚКБА, 2 ҚКБА, «Ақсай» РКБА және басқа да  денсаулық сақтау мекемелерінде,  №7 және  №8 қалалық балалар емханасына кафедра қызметкерлері үлкен тәжірибелік және ғылыми – әдістемелік  көмек көрсетеді.

2008 жылдан бастап, педиатрия бойынша резиденттерді дайындау жүргізілуде, онда тек қана кәсіби мамандығына ғана емес, сонымен қатар коммуникативті және шешендік шеберлікке оқытылады

№1 Бала аурулары кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен студенттер мен резиденттер Алматы қаласының жоғары оқу орындарында – ІІМ Академиясында, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде, Қазақ қыздар педагогикалық университетінде, Алматы қаласы және Алматы облысы мектептерінде оқитын жастар үшін маңызды тақырыптар бойынша: «Жастарда АИВ-инфекциясының профилактикасы», «Туберкулез», «Жасөспірімдер мен жастарға шылым шегудің жағымсыз әсері», «Тастанды балалар – қоғам мәселесі» және т.б. бірнеше рет тақырыптық семинарлар өткізді

Кафедраның соңғы 5 жылдықтағы жетістіктері:

-ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу: «Экологиялық педиатрияның өзекті мәселелері: өткені, бүгін, болашағы» (Алматы қ., 23-24 мамыр 2008 ж.), «Балалар мен жасөспірімдердегі тыныс алу ағзалары ауруларының диагностикасы мен емінің жаңа технологиясы» (Алматы қ., 22-23 наурыз 2009 ж.), «Жүрек-қан тамырлардың ауруы бар балалар мен жасөспірімдерге жоғары мамандандырылған көмек мәселелері» (Алматы қ., 3-4 желтоқсан 2009 ж.);

— «Балалар мен жасөспірімдердегі тыныс алу ағзалары ауруларының диагностикасы мен емінің жаңа технологиясы» (Алматы қ., 22-23 наурыз 2009 ж.), «Жүрек-қан тамырлардың ауруы бар балалар мен жасөспірімдерге жоғары мамандандырылған көмек мәселелері» (Алматы қ., 3-4 желтоқсан 2009 ж.) конференциялардың материалдары бойынша ғылыми еңбектердің 2 жинағы баспадан шықты;

— «Экологиялық педиатрияның өзекті мәселелері: өткені, бүгін, болашағы» (Алматы қ., 23-24 мамыр 2008 ж.) конференцияның материалдарымен ҚазҰМУ Хабаршысының Арнайы басылымы баспадан шықты;

— 2009 жылы ҚазҰМУ Тәрбие жұмысы басқармасымен бірлесе отырып ЖОО-аралық «Балаларды қорғау күні» және « Жанұя күні» тақырыптарына студенттік конференциялар өткізілді.

— студенттер мен дәрігерлерге арналған доцент Г.Ә.Шәкімнің және З.Г. Давлетгильдееваның редакциясымен авторлық ұжымның 2 қазақ тілінде «Педиатриядағы сырқатнама», «Балалардағы жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылысы» оқу құралы баспадан шықты.

№1 Бала аурулары кафедрасы ғылыми — практикалық жұмысының айқын оқиғасы ретінде З.Х.Мажитованың редакциясымен Халықаралық Ғылыми — техникалық орталықтың (ХҒТО) гранты бойынша «Қазақстанның экологиясы қолайсыз аймақтарда тұратын балалар ағзасына химиялық және радиациялық жүктемені анықтау» (2003-2005 ж.ж.) Ғылыми — техникалық бағдарламаны орындау болып отыр, оның нәтижесі ретінде «Балалардағы экологиялық тәуелді аурулар» монографиясы және «Қоршаған ортаның ластануы кезіндегі балалардағы клиникалық — морфологиялық синдромдар мен аурулар Атласы» (орыс тілінде) жарыққа шықты.

Жапония, Швеция, Германия, Италия, Люксембург және Ресейдің әртүрлі саладағы медициналық мамандардың қолдауымен және ынтымақтастықтың арқасында жұмыс жасау кезеңінде 16 ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар орындалды. Кафедрада Қазақстанның медицинасындағы жаңа бағыты – экологиялық педиатрия құрылды, ол көптеген бағыттардың – генетика, пульмонология, гематология, гастроэнтерология, эндокринология, дерматология, нефрология және т.б. дамуында негізі болып табылады. Кафедраның қызметкерлері педиатрияның өзекті мәселелері бойынша әртүрлі халықаралық форумдарға, ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады.

2011 жылдың 11-13 мамыр күндері №1 бала аурулары кафедрасының ұжымымен (ұйымдастыру комитеті проф. Сарсенбаева С.С., доц. Рамазанова Ш.Х.) және ҚР ДСМ педиатрия және балалар хирургиясы ҒО (проф. Аязбеков Е.А.) бірігіп, «Ару-Ана» (Даукеева Ж.) қайырымдылық ұйымын қолдау бойынша Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласында «Балалардағы сирек (орфанды) кездесетін аурулар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.Конференцияның бағдарламасында тұқым қуалайтын патологияның диагностикасы, емі және алдын алу бойынша сұрақтарды шешу аясында әлемнің жетекші мамандары қатысты. Балалардағы бұзылған зат алмасу аурулары. Халықта бұндай аурулар жетім (орфанды) аурулар деп аталады. Оларға Гоше, Ниман-Пик, Помпе, муковисцидоз, мукополисахаридоз жатады. Күмәнсіз бұндай аурулар Қазақстанда сирек тіркеледі –20-80 000 балаға 1 баладан, олардың диагностикасы молекулярлы-генетикалық әдістерге негізделеді. Дегенмен, ерте диагностикалаудың маңыздылығы арнайы орын басушы еммен негізделеді, ол аурудың ауыр асқынуларын болдырмауға және бала өмірінің сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді. Ресей, Польша, АҚШ елдерінен – профессор Капранов Н.И., Каширская Н.Ю., Симонова О.И., Финогенова Н.А., Анна Тулки-Шиманская, Эдвин Симонс, Семячкина А.Н. сияқты мамандар келді.Олар өздерінің кәсіби білімдерімен және сирек кездесетін тұқымқуалайтын аурулары бар науқастарды жүргізген тәжірибелерімен және  тактикаларымен бөлісті.

Кафедра жаңалықтары

Кафедрада студенттермен және резиденттермен белсенді тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Педиатрия факультетінің ардагер — ұстаздарын марапаттау, «Наурыз» мейрамын атап өту, « Дәрігер мен медбикелердің қызметіндегі этика және деонтология»  және «Азаматтық қорғаныс»тақырыптарында конференция, Республика күніне орай « Халықтар достығы» фестивалі сияқты шаралар ұйымдастырылды.

2011 жылдың 28 қазанда №2 ҚКБА-да кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы  Орынбасарова К.Қ. басшылығымен кафедра қызметкерлерінің ұйымдастыруымен патолого — анатомиялық конференция өтті. Конференцияға  серіктес төрайым  ретінде ҚазҰМУ патологиялық анатомия кафедрасының профессоры  Сапаргалиева А.Д. шақырылды. Кафедра доценті Исмаилова Д.Б.   рецензент ретінде қатысты..  Аурухана басшылығы  және  қатысушылар конференцияның жоғары кәсіби деңгейін және тәжірибелік құндылығын атап өтті.   Сондай – ақ  педиатрия факультеті 6 курс студенттерінің қатысуымен кафедрада оқу, рольдік патолого-анатомиялық конференция  ұйымдастырылды.

2011-12 оқу жылы С.Ж. Асфендияровтың туған күніне орай «Ұлағатты тарихи тұлға» тақырыбына студенттік конференция өткізілді, Алматы қаласының  №8 балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетіліп, 6 курс студенттерінің қатысуымен салауатты өмір салты және жеке бас гигиенасы туралы баяндамалар оқылды. 6 курс студенттері белгілі мультфильмдер үзінділерінен салауатты өмір салты сұрақтары  туралы жинақ құрастырды.

Университеттік шаралар барысында «Денсаулыққа  20 қадам» тақырыбында студенттік конференция ұйымдастырылып, педиатрияның өзекті сұрақтары сканворд,  сұрақ  – жауап ретінде талқыланды.

16 желтоқсанға орай «ҚР Тәуелсіздік күніне» арналған студенттік конференция өткізілді, желтоқсан оқиғасы туралы  фильм көрсетіліп, студенттердің және профессорлық – оқытушылық құрам қатысуымен талқыланды.

Құрбан – айт мейрамының алдында студенттерімен бірлесе отырып ҚР Дін туралы заңын талқылап, дөңгелек үстел  өткізілді.

Студенттік ғылыми үйірме отырыстары өткізіліп, үйірмешілерді кафедра тарихымен таныстыратын фильм көрсетілді. Жаңа оқу жылында қорғалатын студенттік ғылыми жұмыстар тақырыптары анықталды.

Болондық  үрдіс  қағидаларына  сәйкес кафедра оқу бағдарламасына және курациядағы бөлімшелер бағыты аясында профессорлар визинтингін өткізді:    балалар ревматологиясы бойынша  И.М. Сеченов атындағы  Бірінші Мәскеу медициналық Университетінің  бала аурулары кафедрасы профессоры Голованова Н.Ю. қатысуымен және балалар гастроэнтерологиясы бойынша Новосибирск Мемлекеттік университетінің профессоры, Сібір Ғылым Академиясының «Алтын медаль» иегері Денисов М.Ю. қатысуымен мастер – класстар ұйымдастырылды.

Поисковые слова::

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы

Балалар  жұқпалы  аурулары  кафедрасы  1952 жылы 1-ші  қыркүйекте негізі  қаланды.

1952-1954 жыл  аралығында  кафедраны  профессор  Е.Н. Бартошевич  басқарды.

1954-1987 жыл  аралығында  кафедра  тізгінін  профессор  Т.Н. Никонова  қолына  алды.

Қаз ССР  ғылымына  еңбек  сіңірген  қайраткер  Т.Н. Никонованың  қолынан  5-монография, соның  ішіндегі  біреуі  Аль-Фараби  атындағы  сыйлықтың  иегері. 225 –тен  аса  ғылыми  еңбектері  жарияланды.  Т.Н. Никонова  50-ден  аса  ғылыми  кандидатты  дайндап  шығарып,  4-докторлық  диссертацияның  ғылыми  кеңесшісі  болды.

1987-1997 жыл  аралығында  кафедраны  басқару  қызметіне  Т.Н.Никонованың  1-ші  аспиранты   профессор  Е.А.Огай  келді.  Е.А.Огай  барлық  күш  жігерін  салып, жас  ғалымдарды  дайындауға  және  кафедраның  өркендеуіне  жемісті  еңбек  етті.  2- докторлық  диссертацияға  ғылыми  кеңесші  болып,  15- кандидаттық  диссертацияның  ғылыми  жетекшісі  болды. 160-тан  аса  ғылыми  еңбектері  жарияланды.

1998-ші  жылдан  бастап « Балалар  жұқпалы  аурулары»  кафедрасының   меңгерушісі,   профессор  Е.А.Огайдың  оқушысы  профессор  м.ғ.д. Құттықожанова  Ғ.Ғ   кафедра  меңгерушісі  қызметін  атқарды.

Кафедра  меңгерушісі  профессор,  м.ғ.д.  Ғ.Ғ.Құттықожанова

Ұлы  ғалым  Т.Н. Никонова  негізін  қалаған  кафедраның  дәстүрлерін  Құттықожанова  Ғ.Ғ  осы  күнге  дейін  жалғастыруда.  Шәкірттер  дайындауда  үлкен  еңбек  етуде.  6-кандидаттық  диссертациямен  2-докторлық  диссертацияға  жетекшілік  етті.

Кафедраның  ардагерлері  доценттер: Қасымбекова Р.Г, Григорьева  Т.П, Сұлтанова  Т.А, Шелехова  Н.Ф, Құрманғалиева А.А. осы  күнге  дейін  жемісті  еңбек  етуде.

Кафедрада  орта  буын  өкілдерімен  жас  оқытушы  мамандар  қызмет  етеді.

Кафедра   ұжымы.

Кафедра  мына  ғылыми  бағытта  жұмыс  істейді.  Вирусты  гепатит;  Жедел-ішек  инфекциясы; Зоонозды  инфекциялар;  Жатыр  ішілік  инфекциялар;  Күл;  ЖРВИ;  Нейроинфекциялар.

Кафедра  ұжымының  жаңалықтарында  бірнеше  потенттерімен  рационализаторлық  куәлікке  ие.

1989 жылдан  бері  24-тен  аса  әдістемелік  нұсқаулармен  оқу  құралдары, монографиялар  шығарылды.

Кафедраның  профессорлық, оқытушылық  құрамы  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  жүйесіне  үлкен  көмек  көрсетуде.  Ауыр  жағдайдағы  науқас  балаларға  дер  кезінде  кеңес, көмек  беріледі.

Кафедра  ұжымымен  «БҚКЖАА» дәрігерлерімен  жемісті  еңбегінің  айғағы:  «Жылдың  үздік  ауруханасы»  конкурсында  номинант  аталуы.

Тәрбие  жұмысы:

Балалар  жұқпалы  аурулары  кафедрасының  оқытушылары  жан-жақты  еңбек  етумен  қатар  болашақ  мамандарды  тәлім-тәрбие  беруде  үлкен  үлес  қосуда.  Жас  дәрігерлерді  мамандыққа  баулу, рухани, салауатты  отанға  деген  патриоттық  сезімді  қалыптастыру  негізінде  жүргізіледі.

Студенттер  кафедрада  өткізілетін  ғылыми  конференцияларға, мәдени  шараларға  қызығушылық  танытып, белсенді  қатысады.

80-жылдық  тарихы  бар  Ұлттық  Медицина  университетінің  «Балалар  жұқпалы  аурулары»  кафедрасы  болшақ  дәрігерлерді  дайындауда  жемісті  еңбек  етуде.

Поисковые слова::

Педиатрия факультеті

Негізі 1938 жылы қаланған. Факультеттің қызметі жоғары білікті, медициналық білім берудің жаһандық нарық жағдайындағы бәсекеге қабілетті балаларды емдеуші кадрлар даярлауға бағытталған. Факультет республикадағы жоғары педаитриялық білім берудің көшбасшысы. Бұл жоғары білікті мамандар шеберханасы болып табылады. Ғылым мен практикалық денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін профессорлық-оқытушылық құрам Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығына және бірқатар өкіметтік марапаттарға ие болған. Факультеттің білім алушылары халықаралық студенттік ғылыми олимпиадалардың үздік қатысушылары. Білім берудің педиатриялық траекториясы дайындалды, бала жасындағы науқастарды диагностикалау, емдеу, профилактикалау және реабилитациялаудың инновациялық әдістері енгізілді. 6 кафедра және жалпы медицина факультеті базасында болашақ педиатрлардың ерте кәсіби бағдарлық жұмыстары жасалады. Элективті циклдер дайындалады, эдвайзерлер қалыптасады, оқытушылар мен білім алушылар үздіксіз жетілдірудің икемді ынталандырушы механизмдері жасалады.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетімен  2011ж 02 ақпан айында  бірлесіп жасасқан келісім-шартқа сәйкес, 01 қыркуйек айынан бастап  академиялық ұтқырлықпен  8 студент жалпы медицина факультетінің 4 курсында  оқып жатыр.