«Қазақстан Стратегиясы — 2050»

24.01.2014

 Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының ұжымы 4 курс Жалпы медицина студенттері мен 6, 7 курс дәрігер интерндерімен бірге Президентінің халыққа жолдауын «Қазақстан Стратегиясы — 2050» талқылау.

доц. Г.Ж. Оналбаева, асс. Литош Э.С. және Жалпы медицина 4 курс 042-2 студенттерімен  Вансинвина Мадина, Налдибекова Айзат, Тлеуберлин Таймаз Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Стратегиясы — 2050» атты халыққа Жолдауының негізгі бағыттарын баяндады.

Кафедра оқытушылары мен студенттер, интерндер Жолдауда белгіленген негізгі 10 бағыт  жайында өз ойларымен бөлісті: еліміздің экономикасы тұрақты, әлеуметтік жағдайы жоғары болып,  2050 жылға қарай 30 дамыған елдің қатарына кіру қоғамға  үлкен талпыныс береді.

IMG_5933 IMG_5934 IMG_5937 IMG_5939 IMG_6091

 

Қазақстан бала дәрігерлерінің VII съезі

Үстіміздегі жылдың 27-28 қыркүйегінде Қазақстан бала дәрігерлерінің VII съезді өтті. Кафедра меңгерушісі, профессор Хабижанов Б.Х. съездің ұйымдастыру комитетінің мүшесі болды және «Қазақстан кардиоревматологиясының тарихы мен болашағы» тақырыбында баяндама жасады.

Профессор  Хабижанов Б.Х. 21.09.2012ж. «Бала жасындағы артриттер» деген тақырыппен Қазақстанның Батыс және Оңтүстік өңірі педиатрларына телемедицина арқылы дәріс оқыды.