Қазақстан Республикасының Конституциясы-Қазақстан мемлекетінің Ата(негізгі)заңы

30  қыркүйек 2013 жыл.


Кафедра ассистенті Егеубаева сөз алып,Конституция қазақ  мелекеті үшін ең маңызды заң екенін атап өтіп,заңды талқылауға студенттерге сөз берді.

603 группаның  2 тобының студенті Бұлақбаева Айгерім  Конституцияның  1995 жылы 30 тамызда республикалық  референдум өткізу  жолымен қабылданғанын атап өтіп,оның құрылымы кіріспеден,9 бөлімнен ,98баптан,көптеген тармақтар мен тармақшалардан  тұратындығы туралы

Соның ішінде29 бап   Қазақстан республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқысы бар.

30- бап Азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуыны кепілдік берілетіндігі туралы  баптарды түгел таныстырып өтті.

Оқытушылар арасынан Жұмабаева А.Т, студент Макенбай Айгүл сөз алып заңды білу  мемлекетіміздің азаматы және дәрігер ретінде өте маңызды екенін айта келіп,болашақта заңды құрметтейтін,оны бұзбай өмірде қолдана білетін   азаматтар  дайындауға  аса көңіл бөлу керектігін айтып өтті.

Поисковые слова::

Қазақстан Республикасының Республика күнін атап өту. Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған мерекелік кеш

22  қазан 2013 жыл.

Кешті кафедра ассистенті  Утегенова Н.А. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы әңгімесімен ашты.

31 — группаның  2 — тобының студенті Нұрмахамбетұлы Нұрғали Қазақстан Республикасы туралы құнды деректерімен бөлісті. 31- группаның  1- тобының студенті Исабайқызы Нұрсила Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы бейнелеп берді. 31- группаның  2-тобының студенті Алдабергенова Нұрсәуле Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы айтып өтті. 31 — группаның  1 — тобының студенті Туғанбаева Қаламқас Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраның  шығу тарихын айтып берді. 31 -группаның  1 -тобының студенті Джаппарова Арайлым және 31 -группаның  2- тобының студенті Нұрмахамбетұлы Нұрғали Жұбан Молдағалиевтің «Қазақстан» атты өлеңін оқыды. 31- группаның  2- тобының студенті Ауезханова Назкен өз шығармашылығынан «Бүгінгі кеш біздікі…» атты өлеңін осы кеше арнады. Ол осы өлеңінде Қазақстанның тарихына шолу жасай отырып, егемендігімізге қалай жеткендігімізді көрсетті. Қазақ халқының қонақжайлылығы мен салт-дәстүрлері жайлы да шумақтары бар. Ғажайып табиғатымызды да суреттеген. Осының бәрін өтіп жатқан кешпен әдемі үйлестіре келе, абзал жандар – дәрігерлер, соның ішінде бала дәрігерлері  туралы шумақтармен аяқтады.

Оқытушылар арасынан сөз алған доцент Оналбаева Г.Ж.  кештің өте жақсы өткендігін айта отырып, Қазақстан Республикасы егеменді бәсекеге қабілетті екендігін және осы жолда дұрыс саяси стратегияны ұстанып, жарқын болашаққа жол ашуда деп қорытынды жасады.

 

Бүгінгі кеш біздікі…

Жандың да сөндің, көрдің де көндің қазағым,

Тартқанда сенсің бұл өмірдің азабын.

Сырға тұнып жазылмаған өлеңді,

Тәуелсіз елде еркіндікпен жазамын.

 

Абайлар қайда қазағым деп зарлаған,

Жүректен жырлар төктірген ғой зар заман.

Тартып әкетіп жиғанменен тергенін,

Қандай заман тарылтқан заман тар заман.

 

Мұны да көрдің ашаршылық шөл көрдің,

Бір үзім нан жеп қанағат деп сен көндің.

Қыраның шалқып көк байрақтың астында,

Бүгінгі күні өзге жұртпен тең болдың.

 

Айбынды жаны жайсаң бар қазағым,

Төгілтіп туған елде жыр жазамын.

Ынтымақ,бірліктерің тату болғай,

Ешқашан тарылмасын кең базарың.

 

Қазақпыз деп азатпыз деп мақтанам,

Ата баба салт дәстүрін сақтаған.

Жастырының жарқын болашағындай,

Күннен күнге көркеюде Aстанам.

 

Құшағын ашқан орысқа да, татарға,

Көршісі соқыр көзін қыспай жатар ма?

Оралман болсын, оралған болсын бұл елге,

Өзіне тартып қосады жылдам қатарға.

 

Осы елде туылдым менде қазақпын,

Куәсі болдың талай мәрте азаптың.

Кішкене мына жұдырықтай жүрекпен,

Әлемге атын шығарсам деймін қазақтың.

 

Шүкір дейміз тәуелсіздік алғанда,

Жас ұрпақтың қанаттары талмаңдар.

Қаншама жыл ағалар мен әпкелер,

Жеттік біздер жете алмаған арманға!

 

Қырандары шалқыған ғажап аспан,

Таулары бұлттарменен амандасқан.

Балалары бір- біріне сыйлас болған,

Бұл біздің Тәуелсіз ел Қазақстан!

 

Қоғам үшін өз үлесін қосатын,

Сырқат көрсе ауруын тез басатын.

Бар халықтың қалауына айналған,

Ақ халатты абзал жандар жасасын!

 

Дәрігерлер ақ періште аяулы,

Болашағы медицина баянды.

Сары оюлы, қыраны күн астында,

Тек биікте желбіресін жалауы!

 

Жаңа келген группаластар жасымай,

Отырыңдар бір үй бала досындай.

Кафедра педиатрия біздердің,

Басымызды қоса берсін осылай.

 

Барыңды сал араңызда кім мықты?

Бұл мереке керемет қой күздікі.

Жүрегіміз тек қазақ деп соғатын.

Бүгінгі кеш,бүгінгі кеш біздікі…

 

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазақҰлттық Медицина Университетінің  4курс студенті Ауезханова Назкен  431-2 топ

Тел:8 778 610 17 93

Email: a.sh_93@mail.ru

2 3 1

Студенттер мектеп оқушыларына дәріс оқыды

2013 жылдың қазан айының 22 жұлдызында ҚазҰМУ «Балалар жұқпалы аурулары» кафедрасының оқытушысы м.ғ.к., А.Т.Жұмабекованың ұйымдастыруымен Жалпы медицина факультетінің 4 курс 15-1 топ студенттері  Алматы қаласы №81 мектеп гимназиясы оқушыларына “Жедел ішек инфекциясының алдын-алу” атты дәріс оқыды. 15-1 топ студенттері Арихан Мұхамед және Кеншінбаева Мөлдір жедел ішек инфекциясы және оның алдын алу мәселесі жөнінде мектеп оқушыларына мол мәлімет берді. Оқушылар дәрісті мұқият тыңдап, қызығушылық танытты. Дәрістен кейін сұрақтар қойылып, оған оқушылар толығымен жауап берді. Сонымен қатар, күнделікті ішек ауруларын жұқтырмау үшін алдын алу шараларын орындап жүретінін айтты. Ең белсенді оқушылар мақтауға ие болды.

3 5 1 2

Ресей педиатрларының XXVII съезді өтті.

14-17 ақпанда Мәскеу қаласында Ресей және ТМД елдерінен 3000 астам педиатрлар, балалар хирургтері, балалар тіс дәрігерлері және педиатрлық профильдегі мейірбикелер қатысқан Ресей педиатрларының XXVII съезді өтті. Съезд төрағасы академик А.А.Баранов болды, конференция қонақтары  Чехия, Польша, АҚШ, Германия және Израильдің педриатрия өкілдері болды. Съездті өткізу кезінде С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің делегациясы әртүрлі бағыттар бойынша (ревмотология, неонтология, гастроэнтерология, пульмонология және т.б.),  педиатрдың 14 мектебіне медициналық білім беру бойынша сертификатталған оқыту семинарларына, дөңгелек үстелдеріне және дебаттарға қатысты.

Мұғалімдер күні

№2 педиатрия бойынша интернатура және резидентура кафедрасында асс. Кайназарова С.Е.-ның жетекшілігімен ЖМ  (036-1тобы) студенттері мұғалімдер күніне арнап (6.10.12ж.) қызықты викторина өткізді.

Поисковые слова::

Қазақстан бала дәрігерлерінің VII съезі

Үстіміздегі жылдың 27-28 қыркүйегінде Қазақстан бала дәрігерлерінің VII съезді өтті. Кафедра меңгерушісі, профессор Хабижанов Б.Х. съездің ұйымдастыру комитетінің мүшесі болды және «Қазақстан кардиоревматологиясының тарихы мен болашағы» тақырыбында баяндама жасады.

Профессор  Хабижанов Б.Х. 21.09.2012ж. «Бала жасындағы артриттер» деген тақырыппен Қазақстанның Батыс және Оңтүстік өңірі педиатрларына телемедицина арқылы дәріс оқыды.

Клиникалық конференция «ЮРА-мен науқастарды емдеуде глюкокортикостероидтардың жанама әсерлері»

Педиатрия бойынша интернатура және резидентураның №2 кафедрада 08.10.2012 ж. доцент Хитуова Л.К. жетекшілігімен 4курс 036-02 топ студенттерімен клиникалық конференция өтті. Конференция тақырыбы: «ЮРА-мен науқастарды емдеуде глюкокортикостероидтардың жанама әсерлері». Баяндамашылар: Мындыбаева С., Алдажанов Д., Каримбаева А. Конференцияда Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының кардиология бөлімшесінде емделген екі науқастың ауру тарихы талқыланды:

  1. 15ж. қыз Диагноз: Қосарланған дәнекер тінінің аурулары: ЖҚН+ЮРА, белсенділігі III дәреже, тез үдемелі ағымды, RII, БФ II.
  2.  14ж.бала Диагноз: ЮРА, жүйелі варианты (полиартрит, кардит), белсенділігі II дәреже, тез үдемелі ағымды, БФ II.

Екі баланың қосымша клиникалық диагноздары: Иценго-Кушинга синдромы. Соматикалық нанизм глюкокортикостероидтарды 10 жыл қабылдағаннан.

Конференция өткізушілер ЮРА-мен емдеуде  глюкокортикостероидтардың жанама әсерлерінің алдын алуға шақырды және емдеу жолдарын анықтады.

Тәрбие жұмысы

Балалар  жұқпалы  аурулары  кафедрасының  оқытушылары  жан-жақты  еңбек  етумен  қатар  болашақ  мамандарды  тәләм-тәрбие  беруде  үлкен  үлес  қосуда.  Жас  дәрігерлерді  мамандыққа  баулу, рухани, салауатты  отанға  деген  патриоттық  сезімді  қалыптастыру  негізінде  жүргізіледі.

Студенттер  кафедрада  өткізілетін  ғылыми  конференцияларға, мәдени  шараларға  қызығушылық  танытып, белсенді  қатысады.

80-жылдық  тарихы  бар  Ұлттық  Медицина  университетінің  «Балалар  жұқпалы  аурулары»  кафедрасы  болшақ  дәрігерлерді  дайындауда  жемісті  еңбек  етуде.

№2 Бала аурулары кафедрасы

Институтта педиатрия кафедрасы алғаш 1939 ж. үйымдастырылды. Ұйымдастыру жұмысы осы кафедраның ассистенті А.И.Авенироваға тапсырылды. Кафедра меңгерушісі орнына м.ғ.к. Константин Федорович Попов шақырылды (бұған дейін ол Мәскеуде тұрып жұмыс істейтін).

1941 ж. педиатрия факультетіне емдеу факультетінен 8 студент ауыстырылып, 1943 ж. осы кафедра педиатрлардың алғашқы түлектерін шығарды. Бұл кезде кафедра меңгерушісі Вениамин Александрович Сурат (Саратов қаласынан – Алматыға 1943 ж . келді) болды.

1948 ж. В.А.Сурат Волгоград қаласына кеткен соң кафедраны доцент Александр Михайлович Кропачаев басқарды. Ол кейінірек докторлық диссертация қорғап, 1952 ж. Красноярскіге кеткен соң кафедраны меңгеру доцент А.И.Авенироваға жүктелді. Ол СССР МҒА-ның Педиатрия институтында докторантураны сырттан тауысып,   1954 ж. Дәрігерлер білімін көтеру   институтында (Мәскеу) докторлық диссертация қорғады. Тақырыбы: «Сәбилер асқазан-ішек жолы дерттерінде ішек жабайыларының мәні». Уақыт өтумен бала аурулары пәні жеке дара оқытыла бастады. 5-6 курс студенттері үшін госпиталдық педиатрия кафедрасы 1952ж. ұйымдастырылды, ал факультеттік педиатрия кафедрасы 4 — курс студенттеріне 1953ж. ашылды. Бұл кафедраларды ҚазССР-на еңбегі сіңген дәрігер, профессор А.И. Авенирова басқарды.

Кафедраның алғашқы оқытушылары: доцент, м.ғ.к. И.В.Вовнянко, Е.А.Трейлих, сосын кафедраға м.ғ.к.А.Г.Медведева, дәрігерлер Н.Ярочкина, С.Жуйко, Ф.Хасанова, Л.Спивак, Н.Львова келді. Кафедраның алғашқы аспиранттары В.А.Лебедева, А.Ш.Исмагилова, А.М.Толманова, Г.А.Балаханова болды, бұлар кандидаттық диссертациясын қорғаған соң педиатрия кафедрасының ассистенттері, доценті болды. Профессор А.И.Авенирова 100 ғылыми еңбек пен 2  монографияның авторы.

Бұл кезде кафедраның зерттеген ғылыми мәселесі «Балалардың асқазан – ішек жолы аурулары» болды.

1952-1964 жж. факультеттік педиатрия кафедрасында доцент Т.Ф. Грязева (кафедра меңгерушісі), ассистенттер Р.М.Макулова, О.С.Медведева, Г.М.Давлетказина, Н.И.Абдрагимов істеді. 1965-1970 жж. профессор Н.А.Барлыбаева, ал 1970-1991жж. профессор Н.П. Ярочкина  басқарды. Соңғы кісі 200 ғылыми жұмыс пен 4 монографияның авторы. Бұл жылдары кафедраның ғылыми бағыты сәбилер пневмониясы мәселелерін зерттеу болды. Көп уақыт бойы кафедраның оқу жұмысын талантты педагог, жоғары дәрежелі клиницист, м.ғ.д., доцент З.Б. Сарсенбаева атқарды. Кафедрада 1965 ж. бастап істегендер м.ғ.к.: З.И.Кәріпжанова, Г.А.Сафина, Г.К.Кабдығалиева, Ф.Б.Биттеева, Р.П.Лобанова, Л.А.Тульчинский, И.А.Скоробогатова, Л.Н.Шинкаренко, асс. С.Д.Степанова, К.Б.Даленова, Г.В.Хван, М.Н.Рахманова, К.А.Кацюба, Т.М.Имамбаева.

1971-91 жж. институттық госпиталдық педиатрия кафедрасын Қаз ССР-ның еңбек сіңірген дәрігері, профессор Н.А. Барлыбаева басқарды., оның жетекшілігімен 12 диссертация қорғалды, оның 4 докторлық – В.С. Музыкантова, В.И Струков, К.В. Рахимова, З.Х. Мажитова. Негізгі ғылыми зерттеу жұмыстары балалар ревматизмі, рахит, сепсис, іштен болатын жүрек ақауларының диагнозы, клиникасы мен еміне арналды.

Профессор Н.А. Барлыбаева балалар ревматизмінің емі мен алдын алуын жолға қойды. Ревматизм, рахиттың алдын алу, Д-гипервитаминозы жайлы ғылыми зерттеулері аса маңызды болды. 258 ғылыми еңбек, оның ішінде 5 монографияның авторы. «СССР өнертапқышы және рационализаторы» белгісі, Қаз ССР ДСМ-нің аль-Фараби атындағы медалімен марапатталған.

25 жыл бойы осы кафедраның оқу жұмысын доцент А.Ш. Исмагилова басқарды: тамаша педагог, жоғары санатты нефролог педфакта оқу үдерісінің ұйымдастыру, жетілдіру ісіне қомақты үлес қосты.

80-жылдары кафедралар №1, №2 педиатрия кафедралары болып аталды, студенттерді факультеттік және госпиталдық педиатрия пәні бойынша оқытты. 1993-1998 жылдары №1 бала аурулары кафедрасын профессор Б.Ж. Тастанбеков басқарды.

1991 ж. балалар аурулары кафедрасын, ал 1999 ж. біріккен балалар аурулары кафедрасын Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген дәрігері, профессор Б.Х.Хабижанов басқаруды қабылдап алды. 1999 ж. педиатрия факультетінің студенттері контингенті қысқаруына байланысты кафедраға бұрын бөлек қызмет атқарған емдеу факультеті мен емханалық педиатрия кафедралары қосылды. Соңғы екі кафедра 2003 және 2006 ж.ж. оқушылар саны артқан соң қайтадан бөлініп кетті.

ҚазҰМУ –ның №2 бала аурулары кафедрасы бұрынғы факультеттік және госпитальдық кафедралардың ізбасары болып саналады, оны басқарушы – проф. Б.Х.Хабижанов. Кафедрада жұмыс істейтіндер:оқу жұмысын басқарушы, профессор Құрманбекова С.Қ., Хитуова Л.К., Нұрғалиева Ж.Ж., ассистенттер: Лобанова Р.П., Шорина Е.Н., Қасымова Р.Н., Қайназарова С.Е., Қанағатова Г.М., Баймұратова А.Д., Кисленко А.В., Байғабылова М.С., Төлебаева А.К.

Кафедраның клиникалық базасы ҚР П ж БХ ҒО (Педиатрия және бала  хирургиясы ғылыми орталығы). Кафедра қызметкерлері басқа қалалық клиникалық базалар мен көпсалалы облыстық ауруханада да студенттерді оқытады.

Университетте 1991 ж. қазақ тілінде оқыту енгізілген соң кафедра педиатрияны мемлекеттік тілде оқытудың оқу-әдістемелік орталығына айналды.

Кафедра тарихы мен бүкіл отандық педиатрияда есте қаларлық оқиға – 1997 ж. қазақ тілінде алғаш педиатрия бойынша «Балалар аурулары» атты оқулық шығарды, 2005 ж. оны толықтырып «Педиатрия» деген атаумен шығады (авторлары проф.Б.Х.Хабижанов, доцент С.Х.Хамзин). Кафедра қазір бұл оқулықтың 3-ші басылымын жарыққа шығарды.

Кафедрада «педиатрия» мамандығы бойынша ҚР медициналық ЖОО-на 12 типтік бағдарлама әзірленді. (1997, 2000, 2003ж.).

Проф. Н.А.Барлыбаева мен Б.Х.Хабижанов Республикада бала кардиоревматологтарының мектебін қалыптастыру мен дамуы үшін үлкен үлес қосты. Олардың көпжылдық еңбегі – ревматизмнің алдын алу үшін бициллин қолдану практикаға енді, балалар ревматизмі мен жүре пайда болған жүрек ақаулары мәселелерін шешу өз жемісін беріп, аталған дертті 20 есе азайтуға қол жетті №2 бала аурулары кафедрасы өзінің педагогтік, ғылыми және клиникалық жұмысын ҚР П және БХ ҒО-мен тығыз байланысты жүргізеді (кафедраның клиникалық базасы).

Кафедра меңгерушісі проф. Хабижанов Б.Х. – көп жыл бойы функционалдық кардиопатиялар, артериалды дистония, ювенилді артрит, жүрек ырғағының бұзылыстары, дәнекер тіндердің жүйелі аурулары, іштен болған жүрек ақаулары мәселелеріне арналған республикалық іргелі және қолданбалы ғылыми – техникалық бағдарламалардың жетекшісі; бұл бағдарламалардың іске асуына кафедра қызметкерлері атсалысуда.

Профессор Б.Х. Хабижанов 248 ғылыми еңбек, оның ішінде монография, жаңалық табу, әдістемелік ұсыныстар мен отандық медицина тарихы мен алғашқы ғалым-медиктер туралы кітап авторы; мысалы, дәрігер, ағартушы, қоғам қайраткері Халел Досмухамедов туралы.

Кафедра меңгерушісі проф. Б.Х.Хабижанов ҚР ДСМ-нің бас бала кардиоревматологы, оның жетекшілігімен 25 (5 докторлық, 20 кандидаттық) диссертация қорғалды.

Соңғы 10 жыл бойында кафедра ҚР Медициналық ЖОО-ның оқытушыларының біліктілігін көтеру курсын өткізеді, бұған қоса дәрігер-педиатрлардың санатын жоғарылату, бұл үшін түрлі аймақтарда көшпелі циклдар жүргізу.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының жұмысының мәнді бөлігі – емдік кеңес беру, бұл тек Алматы қаласы емес, басқа да республика аймағында жүргізіледі (көшпелі циклдар өткізу кезінде)

Кафедраның халықаралық байланысына ДДҰ-ның Европалық және Регионалдық Бюросымен бірлесе оқу үдерісіне бала жасындағы ауруларды бірлестіре жүргізу, баланың физикалық даму стандарттарын енгізу жатады.

Университет құрамындағы бөлім ретінде №2 бала аурулары кафедрасы ҚазҰМУ-ның даму стратегиясын орындауға кейінгі жылдары да белсене қатысуда. Жұмыстың басты шарты − бәсекелестікке қабілетті, жан-жақты  дәрігер дайындау, олардың қатарынан үш тілді, қажетті және ем-диагностиканың инновациялық технологияларды игерген,  патриоттық сезімі жоғары Отан азаматын тәрбиелеп шығару.

Поисковые слова::

Профессор-оқытушылардың құрамы

Кафедра меңгерушісі м.ғ.д.,профессор Тастанбеков Батыр Джунусович

Профессор Жетписбаев Ғалым Адамович

Д.м.н., доцент Божбанбаева Нишангуль Сейтбековна

Оқу ісінің меңгерушісі, ассистент Мустафазаде Туказ Шамистановна

М.ғ.к., ассистент Султанбаева Сауле Нургалиевна

 

М.ғ.к., ассистент Абдуллаева Гульбан Мухаменджановна

Кафедра ассистенті Есенова Сара Абидуллаевна

Кафедра ассистенті Бейсекова Айнур Абдыкадыровна