Емханалық педиатрия кафедрасы

Участкелік педиатр дәрігерлерді дайындайтын кафедра 1987 жылы құрылған емханалық педиатрия кафедрасы болып табылады. Оның бірінші меңгерушісі профессор, хирург-травматолог Т.Ж.Сұлтанбаев болды.

1989 жылдан бастап бүгінге дейін кафедраны м.ғ.д., профессор Е.Т.Дадамбаев басқарады. 2000 жылдан бастап кафедра курс болып, госпитальды педиатрия кафедрасының құрамына кірді. Емханалық педиатрия курсының меңгерушісі профессор Е.Т.Дадамбаев Семей медицина институтының педиатрия факультетін бітірген. 1991-1993 жылдары емханалық педиатрия кафедрасын басқарумен қатар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің бас педиатры болып қызмет істеді. 1993 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ амбулаторлық-емханалық қызметінің штаттан тыс бас маман-педиатры, балалар ауруларын интеграциялық жүргізу жөніндегі ДДҰ бағдарламасының коррдинаторы болып табылады (2000-2001-2003 ж. ДДҰ сертификаттарының иегері). Қазақстан Республикасының жаратылыстану ғылымдары Академиясының мүшесі (академик).

300-ден аса жұмыстардың авторы, оның ішінде оқулықтардың, оқу құралдары мен монографиялардың да: «Дені сау және науқас балаларды күту» (1991), «Неонатология» (1992), «Нәрестелердің пневмониясы: диагностикасы, емі және профилактикасының клинико-иммунологиялық аспектілері» (1992), «Балалар ауруларының пропедевтикасы» (1995), «Нәресте туралы ілім» (1995), «Структура и организация работы детской поликлиники» (1997), «Емханалық педиатрия» (1998), «Бала дәрігерінің серігі» (1998), «Оптимизация антибиотикотерапии в педиатрии» (1999), «Аномалии конституции у детей» (2001), «Неотложные состояния в педиатрии» (2004), «Стандарты лабораторно-диагностических исследований и лечения болезней детского возраста в дневном стационаре» (2005) және

басқалар. Оның тікелей қатысуымен «Балалар аурулары», «Емханалық педиатрия» және «Педиатрия бойынша интернатура» циклдері бойынша жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары құрастырылды. Ол «Денсаулық», «ҚР педиатрия және балалар хирургиясы» журналдарының редколлегия мүшесі болып табылады. Сонымен қатар 12 рационализаторлық ұсыныстар, 4 жаңалық енгізіп, 16 әдістемелік ұсыныстар дайындады.

Емханалық педиатрия кафедрасы (курсы) негізінен болашақ участкелік педиатрлардың клиникалық дайындығымен айналысады. Кафедрада әр уақытта тәжірибелі педагогтар мен профессорлар қызмет істеді және қазіргі кезде де істейді: Испаева Ж.Б., Рахимова К.В., доценттер Вуйко Г.А., Елебекова Д.Ж., Ибраева К.Е., Құлмаханов Т.К., Байгенжина Ф.А., Ахматова Г.А., Мурзағалиев Ш.А., Сарбасова Ж.О., ассистенттер Кабдуғалиева Г.К., Измайлова А.А., Шкуренкова Л.П., Нұрқасымова А.Т., Измайлова С.Х., Нұрбекова А.А., Смағұлова А.Б., Зулхажы А., Ахашева Ш.С..

Кафедрада алғаш рет жалпы практиканың клиникалық ординатор-дәрігерлері дайындалып, қазіргі кезде Республиканың әртүрлі аймақтарында қызмет істейді.

Қазіргі кезде емханалық педиатрия курсы жанында Алматы қаласы мен облысының емханалық педиатрлары үшін «Участкелік педиатр мектебі» жұмыс істейді (жауапты жетекшісі Рахимова К.В.).

Кафедра қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстанның жоғарғы медициналық оқу орындарының педиатрия факультеті үшін балалар аурулары, емханалық педиатрия және интернатура бойынша типтік оқу бағдарламалары құрастырылды.

2009 жылдан бастап бала емдеу кафедраларының арасында алғаш рет элективте тәртіп пәні бойынша жалпы медицина студенттеріне арналып өтті. Қызметкерлердін бірі факультетінің эдвайзері.

Қазақстан Республикасында кафедра алғаш рет педиатрлар үшін оқулықтар мен оқу құралдарын қазақ тілінде шығарды: : «Дені сау және науқас балаларды күту» 1991, «Неонатология» 1992, «Емханалық педиатрия» 1998, «Бала дәрігерінің серігі» 1998, «Неотложные состояния в педиатрии» 2004 (қазақ және ағылшын тілінде), «Реабилитация и диспансеризация часто болеющих детей и детей с патологией органов дыхания» 2005 (орыс және қазақ тілінде).

Сонымен қатар алғаш рет (1991 жылдан) Қазақстанда кафедра қызметкерлері мемлекеттік тілді практикалық денсаулық сақтау үшін ақпараттық парақтар мен әдістемелік ұсыныстар шығара бастады. Кафедра қызметкерлері 600-ден аса ғылыми-қолданбалы сипаттағы мақала басып шығарды. Жаңалық енгізуге 5 патент және рационализаторлық ұсыныстарға 16 куәлік алынды.

«Жағымсыз экологиялық аймақтарда тұратын ауру және қауіп қатер тобындағы балалалардың клиникалық-иммунологиялық реабилитация ерекшеліктері» кафедраның ғылыми бағыты болып табылады. Осы жылдар ішінде кафедра қызметкерлері 15 оқу құралдарын, 5 оқулық, 3 монография, 4 анықтамалық, «Балалар ауруларының емі мен профилактикасы, диагностикасының протоколдары және медициналық терминдердің қазақша-орысша сөздігі» (2003), «Балалар ауруларын емдеу және лабораториялық-диагностикалық тексеру стандарттары» (2005) шығарды. Кафедрада 1 докторлық және 14 кандидаттық диссертация қорғалды.