Педиатрия мектебі

Педиатрия факультеті 1938-жылы ашылды. Оның тұңғыш деканы профессор А.И Малинин 1938-жылдан 1941-жылға дейін акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі де болды. 1941-1945 жылдары факультет деканы педиатрия кафедрасының меңгерушісі профессор В.А.Сурат болды. Факультетті 1945-жылдан 1947-жылға дейін профессор О.С.Глозман, 1948-жылдан 1954-жылға дейін педиатрия кафедрасының доценті А.М.Кропачев басқарды.
1956-1964-жылдар аралығында факультет деканы республикадағы педиатриялық қызметті ұйымдастырушылардың бірі профессор А.И.Авенирова болды. Оның қатысуымен және ұйымдастыруымен Семей, Қарағанды және Ақтөбе медициналық институттарында педиатрия факультеттері және кафедралары ашылды.
1965-жылдан 1969-жылға дейін факультетті доцент Н.Н.Вишняков басқарды. 1969-ылдан 1978-жылға дейін факультетті профессор Н.А.Барлыбаева басқарған кезде факультетте интернатура ашылды. Әр жылдары факультета деканы болып танымал ғалым, жоғары білікті балалар хирургі академик К.С.Ормантаев (1978-1980, 1988-1991гг.) жұмыс істеді.
1980-жылдан1988-жылға дейін доцент Г.А.Вуйко факультет деканы болды. 1991-1995-жылдары факультетті профессор К.К. Кожаханов басқарды. 1995 жылы факультет деканы болып республикадағы денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушылардың бірі профессор Б.Д.Тастанбеков тағайындалды. 2002-жылдан 2004-жылға дейін факультет деканы профессор Т.П.Ударцева болды. 2004-2008-жылдары факультет деканы қызметін профессор А.Ж.Жаханов атқарды. 2006-жыл мен 2010-жыл аралығында. факультетті профессор Т.М.Имамбаева басқарды.
2007-жылы медициналық ЖОО-лар кадрларды даярлаудың жаңа үлгісіне көшкендіктен, педиатрия факультеті жалпы медициналық бағытттың ішіне қосылды.
2018-жылдың 9-тамызындағы №623-бұйрық бойынша Қазахстан Республикасында жалғыз педиатрия мектебі ашылды. Педиатрия мектебінің құрамына 60%-дан астамының ғылыми дәрежесі бар 120-дан аса оқытушы жұмыс істейтін 6 кафедра кіреді. Қазіргі таңда университетте «Педиатрия» мамандығы бойынша 1,2 және 3 курста 466 студент және 400-ден аса интерндер мен резиденттер білім алуда.
Қазіргі кезде дәрігер- педиатрларды дайындауды Педиатрия мектебінің деканы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, балалар жұпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Катарбаев Адыл Каирбекович басқарады.

Поисковые слова::