Тәрбие жұмысы

Кафедрада тәрбие жұмысы ҚазҰМУ-дың тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: азаматтық-патриоттық, құқықтық, полимәдениетті, рухани-инабаттылық, эстетикалық тәрбие, коррупцияға қарсы іс-шаралар, салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы университеттік іс-шараларға қатысу. Топтардағы тәрбие жұмысын барлық оқытушылар жүргізеді. Кафедра қызметкерлері жалпы университет, факультет және кафедра деңгейінде өтілетін барлық тәрбиелік іс-шараларға белсенді түрде атсалысады.