Кафедра тарихы

1994 жылдың желтоқсан айында Алматы мемлекеттік медициналық институтында «Психология және педагогика» кафедрасы ашылды. Психология және педагогика кафедрасының бірінші меңгерушісі болып аға оқытушы Сатыбалдина Майра Бірләнқызы тағайындалды.

2007 оқу жылында «Психология және педагогика» курсы психиатрия кафедрасының құрамына «Жалпы, клиникалық психология және коммуникативтік дағдылар» курсы ретінде еніп, меңгерушісі болып, м.ғ.д., профессор Асимов М.А. тағайындалды.

2008 жылдың 30 тамызында университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша (№ 6 хаттама) теориялық және клиникалық пәндерден тұратын «Жалпы, клиникалық психология және коммуникативтік дағдылар» кафедрасы құрылды.

2008 жылдың қазан айының 28 – інде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры А.А. Ақановтың бұйрығымен «Жалпы, клиникалық психология және коммуникативтік дағдылар» курсы «Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология» кафедрасы болып өзгертілді. Қазіргі кезде кафедрада 12 оқытушы қызмет атқарып, теориялық және клиникалық пәндерді қамтиды. Кафедраның клиникалық базалары: С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ішкі аурулар клиникасы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты.

Кафедрада жалпы медицина, педиатрия, стомоталогия, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, мейірбике бике ісі факультеттерінің 1,2,3,4,5 курс студенттері,интерндер мен резиденттер «Психология», «Арнайы коммуникативтік дағдылар» т.б. пәндерді өтеді. Сабақта интерактивті оқыту әдістері қолданылады: пікір алмасу, эвристикалық сұхбат, мәселеге бағытталған оқыту элементтері т.б.

2008 жылы «Коммуникативтік дағдылар» оқулығы, (авторлары М.А. Асимов, Ю.В. Игнатьев, С.А. Нурмагамбетова) орыс тілінде басылып шығарылып, ол 2009 жылы қазақ тілінде жарық көрді.

Оқу жұмысынан бөлек кафедрада үлкен ғылыми жұмыс жүргізіледі. Кафедрамыздың 10 жылдығына орай, 2004 жылы психология және педагогиканың өзекті мәселелері бойынша Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

2009 жылы Университет күні аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесіне арналған Халықаралық ғылыми- практикалық конференция ұйымдастырылды.

2010 жылы медицинадағы қарым-қатынас дағдылары бойынша Джулиет Драппер (Ұлыбритания), Беверли Дин (АҚШ) сияқты халықаралық мамандардың қатысуымен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Ғылыми шығармашылық процеске барлық оқытушылар белсенді түрде атсалысады. Кафедра қызметкерлері ҚазҰМУ студенттерінің кәсіби бағытталуы мен бейімделуіне қатысты ғылыми және практикалық жұмыстар жүргізеді.

Профессор-оқытушылар құрамы үнемі біліктіліктерін арттырып, оқытушылар мамандықтары бойынша өз елімізде және шетелдерде білімдерін жетілдіріп отырады. Кафедрамыз университеттегі үш тілділік саясатын жүзеге асыруға ерекше назар аударып, кәсіби қазақ, орыс және ағылшын тілдерін дамыту бағытында жұмыс істеу барысында.

Кафедра ұжымы болашаққа жарқын қарайды және қазіргі заманға сай деңгейдегі дәрігерлерді дайындауға қарқынды ат салысуда.